Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Нәбә сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 78-сүре, 40 аят, 582-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Мурсәләт сүресіНәзиғат сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Олар не нәрседен сұрасады?

2. Зор уақиғадан.

3. Олар, ол жөнде таласуда.

4. Әсте олай емес, олар тез біледі.

5. Тағы олай емес, олар тез біледі.

6. Жерді бір төсеніш қылмадық па?

7. Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)

8. Сендерді жүп-жүп жараттық.

9. Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.

10. Түнді жамылғы қылдық.

11. Күндізді тіршілікке жараттық.

12. Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.

13. Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.

14. Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.

15. Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;

16. Және ну бақшалар...

17. Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.

18. ұрілген күні, топ-топ келесіңдер.

19. Көктер сетінеп есіктер пайда болады.

20. Таулар жүргізіліп, сағым болады.

21. Әлбетте тозақ күтіп тұрады;

22. Азғындардың барар жері.

23. Олар онда ғасырларша тұрады.

24. Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.

25. Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.

26. Қылмыстарына сай бір жаза.

27. Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.

28. Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.

29. Әр нәрсені жазып, сақтадық.

30. "Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.)

31. Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.

32. Бақшалар, жүзімдер бар.

33. Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)

34. Толып, тасыған кәсе бар.

35. Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;

36. Раббыңнан толық бір сыйлық.

37. Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.

38. Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.

39. Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.

40. Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Мурсәләт сүресіНәзиғат сүресі ›