Мұсхафтағы 103-сүре, 3 аят, 601-беттен басталады.
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1. Заманға серт.
2. Негізінен адам баласы зиянда.
3. Бірақ сондай иман келтіріп,ізгі іс істегендер,бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.