Мұсхафтағы 104-сүре, 9 аят, 601-беттен басталады.
بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
1. Бүкіл қорлаушы,өсекшіге нендей өкініш!
2. Сондай мал жиып,оны санағандарға.
3. Негізінен малы,өзін мәңгі жасатады деп ойлайды.
4. Олай емес,әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады.
5. «Хұтаманың не екенін қайдан білесің?»
6. Ол,Алланың жағылған оты,
7. Сондай жүректерді шалатын.
8. Расында олар,ол отқа қамалады,
9. Ұзын діңгектерге байланады.
Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)
Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.