Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Ъәләқ сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 96-сүре, 19 аят, 597-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Тин сүресіҚадр сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!

2. Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.

3. Оқы!Ол Раббың аса ардақты.

4. Сондай қаламмен үйреткен.

5. Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.

6. Сөз жоқ,адам баласы әрине азады;

7. Ол,өзін мұңсыз көргендіктен.

8. Шын мәнінде қайту Раббың жақ.

9. Көрдің бе,сондай тыйым салғанды;

10. Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)

11. Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да,

12. Немесе тақуалықты бұйырған болса да.

13. Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса?

14. Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме?

15. Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз;

16. Өтірікші,күнәкардың кекілінен.

17. Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын.

18. Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз.

19. Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында!

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Тин сүресіҚадр сүресі ›