Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Шәмс сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 91-сүре, 15 аят, 595-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Бәләд сүресіЛәйл сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Күнге және оның жарығына,

2. Ай,күнге ерген сәтте,

3. Жарқыраған сәтте күндізге,

4. Күнідізді жапқан кезде түнге.

5. Аспанға және оны жасағанға,

6. Жерге және оны жайғанға,

7. Кісіге және оны толықтағанға,

8. Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(90-С.10-А)

9. Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;

10. Әлде кім оны кірлетсе қор болды.

11. Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.

12. Оның ең жауызы қарсы шыққанда,

13. Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.

14. Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды.

15. Алла,оның соңынан қорықпайды.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Бәләд сүресіЛәйл сүресі ›