Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Ләйл сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 92-сүре, 21 аят, 595-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Шәмс сүресіДуха сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Қараңғылығы басқан сәтте,түнге,

2. Жарқыраған сәтте күндізге,

3. Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт.

4. Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.

5. Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса,

6. Жақсылықты дұрыс деп білсе;

7. Сонда оның жолын оңайластырамыз.

8. Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе,

9. Жақсылықты жасынға шығарса;

10. Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.

11. (Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді.

12. Негізінде тура жол көрсету бізге тән.

13. Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі.

14. Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.

15. Оған жауыздар ғана кіреді.

16. Сондай өтірік деп жалтарғандар.

17. Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.

18. Сондай малын сарып қылып тазарғандар.

19. Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес)

20. Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді.

21. Сондай ақ ол,таяуда разы болады.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Шәмс сүресіДуха сүресі ›