Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Ъадият сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 100-сүре, 11 аят, 599-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Зәлзәлә сүресіҚариға сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. Қатты ентігіп,шапқан.

2. (Тұяғынан) от шығарған,

3. Таң сәріден шабуыл жасаған,

4. Тозаңдатып,шаңдатқан;

5. Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.

6. Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз)

7. Өйткені ол,өзі де оған куә.

8. Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді.

9. Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде.

10. Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте;

11. Ол күні Раббылары толық хабар алушы.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Зәлзәлә сүресіҚариға сүресі ›