Тартил логотипіТартилТікелей эфир

Аълә сүресі: мәтіні және мағына аудармасы

Мұсхафтағы 87-сүре, 19 аят, 591-беттен басталады.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Тариқ сүресіҒашия сүресі ›

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1. (Мұхаммед Ғ.С) ұлы Раббыңның атын дәріпте.

2. Ол сондай Алла; жаратып,толықтаған,

3. Ол сондай Алла,шамалап оңғарған.

4. Ол сондай Алла,жайылысты жаратқан.

5. Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған.

6. (Мұхаммед Ғ.С) саған Құран оқытамыз ; сонда оны ұмытпайсың.

7. Бірақ,Алланың қалағаны босқа. Негізінде Ол,көрнеу,көместі біледі.(2С,6А)

8. Саған оңай болғанды қолайластырамыз.

9. Пайда береті болса,насихат ет.

10. Әлде кім Алладан қорықса,үгіт алады.

11. Сорлы болғандар одан бой тежейді.

12. Ол,сондай зор тозаққа салынады.

13. Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді.

14. Әлде кім тазарса,ол кұтылады.

15. Ол,Раббының атын еске алып,намаз оқыды.(Бұл,айт намазыүБ.Ж.М)

16. Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер.

17. Ақирет хайырлы да тұрақты.

18. Негізінн бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар;

19. Ыбырайым,Мұса (Ғ.С) лардың нұсқаларында.

Мағына аудармасы: Kazakh Translation - Khalifa Altai, 1.0.0-нұсқа, QuranEnc.com сайтынан өзгеріссіз жарияланды. (QuranEnc.com)

Аударма Құранның мағыналарын жеткізеді, бірақ Құранның өзі емес; Құран — жоғарыдағы арабша мәтін.

Қирағаттарын тыңдауБұл сүрені Мұсхафта тәпсірімен оқу‹ Тариқ сүресіҒашия сүресі ›